57-25-32, +7 702 075 14 81
Ақылы қызмет көрсету уақытша тоқтатылды!
- Қаралды: 631
- Ақылы қызмет көрсету уақытша тоқтатылды!
- Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Астана қаласы әкімдігінің «№4 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін (СЖТБ) қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
- Талқылау күні: 2025 жылдың 9 маусымы
- форматы: онлайн
- Материалдар орналастырылған сайт: www.emhana-gp4.kz
Талқылау ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және ұйымның ішкі қызметін жетілдіру мақсатында өткізіледі.
Ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді осы электрондық поштаға жіберіңіз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бізге қосылыңыздар! Сіздің қатысуыңыз – адал және ашық медицинаның дамуына қосқан үлес.

Іс-шараның мақсаты – жастардың репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру және осы салаға деген жауапкершілік көзқарасты қалыптастыру.
Орталық мамандары отбасын жоспарлау, контрацепция әдістері және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу бойынша кеңес берді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды ашық әрі сенімді ортада қою мүмкіндігіне ие болды.
Психологиялық қолдауға ерекше назар аударылды: орталық психологтары саналы шешім қабылдау дағдыларын дамыту, өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру және өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жеке және топтық кездесулер өткізді.
Келушілер мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, жылы әрі қолдаушы атмосферада пайдалы ақпарат алды.
#РепродуктивтікДенсаулық #ЖастарҮшін #РауанОрталығы #АшықЕсікКүні #СалауаттыӨмірСалты
#СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025