Тіркеу бөлімі:  
57-25-32, +7 702 075 14 81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 57-25-32, +7 702 075 14 81
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты. Онда пациенттің рөлі трансформациядан өтіп, медициналық қызметтердің сапасы мен көрсетілуін бақылау жүйесіндегі негізге айналмақ.
Қор Qoldau 24/7 мобильді қосымшасының жаңа нұсқасын әзірлеуде. Оны жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Пайдаланушылар жеке кабинет арқылы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізіп, мәртебесін тексеріп, төлемнің түскенін қарай алады және ең бастысы — медициналық қызметтерді алу көрсеткішін көре алады.

«Бұл функционал бұрын-соңды болмаған деңгейдегі ашықтықты қамтамасыз етеді. Азаматтар ЖСН теріп, Қордың қандай қызметтерді төлегенін көруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жалған жазбаны анықтау қызметі аса маңызды. Қызмет жүйеде тіркелген соң, пациентке хабарлама келеді және ол қызметті алғанын не алмағанын растай алады», – деді Айдын Құлсейітов.

Егер пациент қызметті алса, оны ЭЦҚ көмегімен растайды және бірден сапасына 1-ден 5-ке дейін баға бере алады. Ал қызмет көрсетілмесе (яғни, жалған жазба), пациент оны да ЭЦҚ арқылы тіркеп, Қор расталмаған медициналық қызмет бойынша автоматты түрде ресми тексерісті бастайды.

Осылайша, Qoldau 24/7 әр сақтандырылған азаматты жүйенің аудиторы ретінде қарап, алаяқтықпен күрестің ең тиімді сыртқы контурын қамтамасыз етеді.

Астана қаласы әкімдігінің «№4 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК хабарлайды: техникалық себептерге байланысты рентгенография уақытша жүргізілмейді, ересектер мен балалардың кеуде қуысының рентгенографиясына науқастар Астана қаласындағы Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығына жіберіледі. Уақытша келтірілген келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл туралы түсініктеме дайындады.
Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.
Оқушыларға қандай медициналық қызметтер қолжетімді?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға енгізілген өзгерістер медицина ұйымдары мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталды.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді. Енді комитет тиісті рұқсат құжаттары жоқ медициналық қызмет көрсету жағдайларын анықтап, жолын кесуге құқылы. Тексеруді бастауға тек пациенттің шағымы ғана емес, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы немесе заңбұзушылықты дәлелдейтін БАҚ-та жарияланған материалдар да негіз бола алады.

«Бұл Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген норма пациенттерге қосымша қорғау деңгейін қамтамасыз етіп, қызметтер тек білікті әрі лицензияланған медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілетіндігіне кепілдік береді», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Жаңа нормалар медициналық ұйымдарды пациенттің сұрауы бойынша, егер бұл ақпарат ашық қолжетімді болмаса, лицензиялар мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар туралы мәлімет беруге міндеттейді. Сонымен қатар, Қор медициналық ұйымдардың қаржылық деректерін көре алады және келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда көрсетілмеген немесе сапасыз қызмет үшін алынған қаражатты қайтаруды талап ете алады.

«Пациенттерді емдеуге бөлінген әрбір теңге тиімді жұмсалуы тиіс. Қаржылық ашықтық — медициналық көмектің сапасын арттырға жол ашады», – деп атап өтті Сәуле Тәжібаева.

Ашықтық нормалары Қор қызметіне де қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында әр тоқсан сайын МӘМС жүйесіне түсетін қаражаттар, олардың медициналық көмек түрлеріне бөлінуі, әрбір медициналық ұйымға бағытталған төлемдер және Қордың әкімшілік шығындары туралы деректер жарияланады.

Қабылданған шаралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын арттыруға, көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне бақылауды күшейтуге және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған.

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс