Тіркеу бөлімі: 57-25-32, +7 778 171 81 62
Анықтама: 57-46-81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 1430, +7 708 590 88 12, 57-25-32
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

57-25-32, +7 778 171 81 62
Тіркеу бөлімі
57-46-81
Анықтама
+7 778 099 68 73
Пациенттерді қолдау қызметі

Диагностикалық зерттеулерге дайындық

Диагностикалық зерттеуге дайындық

Пациенттерге ескерту

Зертханалық технологиялар орталығы

 

Құрметті пациенттер!

 

 

Зертханалық зерттеулерсіз әртүрлі ауруларды уақтылы және дәл диагностикалау мүмкін емес. Аурудың көріністері әлі жоқ, ал қан көрсеткіштері қазірдің өзінде: «назар аударыңыз! Дабыл!» «сигналын береді».

 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағалауы бойынша зертханалық зерттеулер науқас туралы диагностикалық ақпараттың 60-80% береді

 

Зертханалық талдау әрі қарай іздеудің бағытын көрсетеді

 

Сол себепті, талдаудың сапалы нәтижесі - бұл емдеуді уақтылы бастаудың кілті, ал заманауи зертханада тест тапсыруға дұрыс дайындық – анық диагноз.

 

Зертханалық талдау жасау үшін қанды аш қарынға, 8-12 сағаттық түнгі ашығу кезеңінен кейін тапсырған дұрыс деп саналатынына назар аударамыз!

 

Талдау нәтижелеріне физикалық жүктемелер және эмоциялық факторлар әсер етулері мүмкін!

 

Егер, Сіз дәрі қабылдап жүрсеңіз, міндетті түрде дәрігерге ескерткеніңіз жөн. Дәріңізді қан тапсырғаннан кейін қабылдауға тырысыңыз.

Зертханалық технологиялар орталығының

пациенттеріне ескерту

Несептің жалпы талдауы үшін жинау ережелері

I

Жолдаманы мұқият қарап шығыңыз, емдеуші дәрігер толтырған деректерді мұқият тексеріңіз

II

Несеп жинау алдында, жыныс мүшелеріңіздің гигиеналық дәретханасын жасаңыз.

Әйел адамдарға менструация кезінде несеп тапсырмаған дұрыс.

III

Контейнерге 50 мл жуық таңғы несеп жинап алыңыз. (орта порциядан)

IV

Несеп алып болғаннан кейін, бірден контейнер қақпағын мықтап жауып қойыңыз

V

Зерттеу технологиялар орталығына (129 кабинет) жиналған несебі бар контейнерді сағат 8.00-10.00 арасында, жолдамасымен бірге алып келіп, тапсырасыз.

VI

Назар аударыңыз!

Әртүрлі зертханаларда әртүрлі зерттеу әдістері мен өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Нәтижелеріңізді бағалау дұрыс және нәтижелердің қолайлылығы үшін, зерттеуден  бір уақытта бір зертханада өткен жөн болады. Мұндай зерттеу нәтижелері салыстырылуға жатады.

Қолданылған әдебиет: В.С.Камышников редакциясындағы «методы клинической лабораторной диагностики» анықтамалығы, Мәскеу, 2013 жыл.

Зертханалық технологиялар орталығының

пациенттеріне ескерту

Биохимиялық талдау үшін несеп жинау ережелері

I

Жолдаманы мұқият қарап шығыңыз, емдеуші дәрігер толтырған деректерді мұқият тексеріңіз

II

Бір тәуілік ішінде несеп жинаңыз

III

Таңғы несептің бірінше порциясын алып тастаңыз. Несептің кейінгі жиналған порциялары: күн және түн ішінде жиналған, келесі күні таңғы несеп порцияларын, жинау барысында, бір ыдысқа жинап, тоңазытқышта сақтаңыз (+4....+8 °С)

IV

Несеп жинап боғаныңызда, көлемін өлшеңіз, араластырыңыз және бірден, несепті шағын көлемде (5-10 мл) контейнерге құйып алыңыз.

V

Жолдамада парағында күнделікті зәрдің мөлшерін, бойыңыз бен салмағыңызды жазып қойыңыз - бұл зерттеуді орындау үшін қажет

VI

Зерттеу технологиялар орталығына (129 кабинет) жиналған несебі бар контейнерді сағат 8.00-10.00 арасында, жолдамасымен бірге алып келіп, тапсырасыз.

VII

Назар аударыңыз!

Әртүрлі зертханаларда әртүрлі зерттеу әдістері мен өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Нәтижелеріңізді бағалау дұрыс және нәтижелердің қолайлылығы үшін, зерттеуден  бір уақытта бір зертханада өткен жөн болады. Мұндай зерттеу нәтижелері салыстырылуға жатады.

 Қолданылған әдебиет: В.С.Камышников редакциясындағы «методы клинической лабораторной диагностики» анықтамалығы, Мәскеу, 2013 жыл.

Зертханалық технологиялар орталығының

пациенттеріне ескерту

Қан талдауын өткізу үшін дайындық

I

Жолдаманы мұқият қарап шығыңыз, емдеуші дәрігер толтырған деректерді мұқият тексеріңіз

II

Қан тапсыру алдындағы кешкі асыңыз 20:00-ден кеш емес, жеңіл тағамды болған жөн, алкогольді сусындар ішпей, майлы тамақ жемегеніңіз дұрыс.

III

Талдау нәтижесіне ықпал ететін факторларды: физикалық жүктемелерді, эмоциялық қозуды болдырмағаныңыз қажет.

IV

Егер, Сіз дәрі қабылдап жүрсеңіз, міндетті түрде дәрігерге ескерткеніңіз жөн. Дәріңізді қан тапсырғаннан кейін қабылдауға тырысыңыз.

V

Көптеген қан анализдерінің мазмұны күнделікті ауытқуларға ұшырайды, сондықтан, қан тек таңғы 10-ға дейін тапсыру қажет

VI

Қанды рентгенографиядан кейін, ректалды талдаудан өткеннен кейін және физиотерапиялық процедуралардан кейін тапсыруға болмайды.

VII

ФСГ, ЛГ, пролактин, эстриол, эстрадиол гормондарына талдау фертильдік жастағы әйелдерге (етеккір циклінің болуы) етеккірдің 3-5-ші күні жасалуы керек.

Прогестерон мөлшерін анықтау үшін қанды менструалды циклінің 21-23 күндері тапсыру қажет.

VIII

Назар аударыңыз!

Әртүрлі зертханаларда әртүрлі зерттеу әдістері мен өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Нәтижелеріңізді бағалау дұрыс және нәтижелердің қолайлылығы үшін, зерттеуден  бір уақытта бір зертханада өткен жөн болады. Мұндай зерттеу нәтижелері салыстырылуға жатады.

  Қолданылған әдебиет: В.С.Камышников редакциясындағы «методы клинической лабораторной диагностики» анықтамалығы, Мәскеу, 2013 жыл.

Зертханалық технологиялар орталығының

пациенттеріне ескерту

Гельминт жұмыртқаларын зерттеу, копрограммалар үшін кал жинау

I

Жолдаманы мұқият қарап шығыңыз, емдеуші дәрігер толтырған деректерді мұқият тексеріңіз

II

Талдауға дейін, 3-4 күн алдында, ешқандай іш жүргізетін дәрілер, кастор және вазелин майларын қабылдамаңыз, ректалды суппозиторийларын қолдануды тоқтатыңыз.

III

Үлкен дәретке отырып болып, калды таза, бір реттік қолданылатын (шыны, пластикалық) контейнерге, контейнердің 1/3 бөлігі көлемінен аспайтын мөлшерде жинаңыз.

IV

Контейнерге тегіңізді, аты-жөніңізді, туған күніңізді, материалды жинау күнін және уақытын көрсетіңіз

V

Зерттеу технологиялар орталығына (129 кабинет) сағат 8.00-10.00 арасында, бірақ жиналғаннан кейін 3 сағаттан астам уақыттан кешіктірмей, жиналған калы бар контейнерді, жолдамасымен бірге алып келіп, тапсырасыз.

VI

Қатаң тыйым салынады!

Қалды суыққа қатыру;

Ұзақ мерзім сақтау (5 - 6 сағаттан астам уақыт);

қақпағы тығыз тұрмайтын контейнерде тасымалдау;

VII

Назар аударыңыз!

Әртүрлі зертханаларда әртүрлі зерттеу әдістері мен өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Нәтижелеріңізді бағалау дұрыс және нәтижелердің қолайлылығы үшін, зерттеуден  бір уақытта бір зертханада өткен жөн болады. Мұндай зерттеу нәтижелері салыстырылуға жатады.

   Қолданылған әдебиет: В.С.Камышников редакциясындағы «методы клинической лабораторной диагностики» анықтамалығы, Мәскеу, 2013 жыл.

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс