57-25-32, +7 702 075 14 81
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне проактивті түрде тарту аясында ОСМС жүйесіндегі мәртебе туралы SMS-таратылымның басталға
- Қаралды: 150

SMS-хабарлама таратудың мақсаты – азаматтарды алдын ала ескерту арқылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін дер кезінде шара қабылдауға мүмкіндік беру, сондай-ақ төлеушілердің медициналық көмек алу құқығын қорғау.
Алғашқы SMS-хабарламалар осы жылдың қыркүйегінде таратыла бастады, олар МӘМС-тегі мәртебесін қазан айында жоғалту қаупі бар азаматтарға жіберілген. SMS-хабарламаға енгізілген азаматтар тізімі мынадай тәртіппен қалыптастырылды: олардың МӘМС-ке соңғы төлемі маусым айында түскен, ал шілде, тамыз және қыркүйек айларында жарналар түспеген. Осыған байланысты бұл азаматтар қазан айында сақтандырылған мәртебесін жоғалтуы мүмкін.
Еске сала кетейік, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, жарналарды төлеуді тоқтатқан азаматтар МӘМС аясында үш ай ішінде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл кезеңде олар шартты түрде сақтандырылған болып саналады, алайда өткізіп алған айлар үшін жарналарды төлеу міндеті сақталады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды «сақтандырылған» мәртебесінің тоқтатылуына жол бермеу және медициналық көмек алу кезінде шектеулерге тап болмау үшін жарналарды уақытылы әрі толық көлемде төлеуге кеңес береді.
Сақтандыру мәртебесі бойынша ақпаратты Қордың msqory.kz сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot, сондай-ақ eGov Mobile, Damumed, Qoldau 24/7, Kaspi Bank, Halyk Bank, Банк Центр Кредит (BCC.KZ), Freedom Bank, Bank Bereke, Bank Home Credit Bank, АО «Евразийский банк» мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.
МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеу, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасы мәселелері бойынша төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз:
- Қордың msqory.kz сайтында;
- Telegram-дағы SaqtandyryBot.
