Анықтама: 57-46-81
Қазақстанда иммунизациялау апталығы
- Қаралды: 231
Қазақстанда соңғы 20 жыл (2005 жылдан бастап) аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросы бастамашылығы бойынша ДДСҰ Еуропалық бюро елдерінде жыл сайын сәуіп айында Иммунизациялау апталығы өткізіледі.
Еуропалық Иммунизациялау апталығы (ЕИА) – иммунизациялауды насихаттау механизімінің тиімдісі болып табылады, ЕИА мақсаты иммунизациялауға назар аударуға тарту жолымен егумен қамту деңгейін жоғарылату және оның маңыздылығы туралы хабарлау, сонымен бірге тұрғындардың осал топтарына аса назар аудару болып табылады.
Ағымдағы жылда иммунизация апталығы 27 сәуірі мен 03 мамыр аралығында «Баршаны иммунизациялау – адамдардың күшінде!» ұранымен жүргізіледі.
Акцияның мақсаты – халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарылату, ата-аналар, діни консерваторлары арасында иммунизациялануды міндеттеу, осы жолмен адам денсаулығын сақтау және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алуға бағытталған вакцинапрофилактика жетістіктері деңгейін көтеруді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі жағдайда тұрғындардың көшіп-қону процессі қарқынды түрде жүруіне байланысты эндемиялық (Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан) елдерден жабайы полиомиелит вирусын, қызылша, пандемия тұмауын және де басқа инфекциялық ауруларды, басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға әкелу қауіп үнемі туындайды. Осыған орай, эпидемияға тұрақты жағдайды құру үшін Республикада бірнеше рет балалар мен жасөспірімдерді қызылша, қызамық, полиомиелитке қарсы қосымша жаппай вакцинациялау жүргізілуде.
Әрбір елде тұрғындарды егуге арналған инфекциялық аурулар тізімі мен егулер бойынша бекітілген өз Ұлттық күнтізбесі бар. Қазақстанда да Үкімет қаулысымен бекітілген егулер күнтізбесі құрылған, вакцинациялауды қамту республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Астана қаласында алдын - ала егулердің кеңінен жүргізілуіне байланысты сіреспе, күл, полиомиелит, құтырма және вакцинамен басқарылатын басқа да инфекциялардың бірен-саран жағдайлары тіркеледі. Республикада тұрғындарды иммунизациялау үшін ҚР мемлекеттік тіркеу процедурасынан өткен вакциналар қолданылады. 2013 жылдан бастап ҚР әкелінетін вакцинаның әрбір партиясында оның сапасы мен қауіпсіздігін бағалаумен міндетті сертификаттау енгізілген.
Иммунизациялау мәселелеріне неліктен соншама маңызды назар аударылады?
Вакцинациялауды жүргізуге байланысты вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршу жиілігі соңғы жылдары күрт төмендеген, енді көптеген ата-аналар мен медицина қызметкерлері инфекциялық аурулардан қорықпайды. Керісінше, вакцинаға қатысты жұртшылық пікіріне вакцинация қаншалықты қажет және қауіпсіз бе деген ойға берілетін адамдар тобы, Интернетте немесе баспасөздегі жарияланымдар ықпал көрсетеді. Нәтижесінде, жекеленген жағдайларда иммунизациялау өз табысының құрбаны болды.
Сонымен қатар, вакцинациямен алдын - алуға болатын аурулар Еуропалық аймақ елдерінде жыл сайын кішкене жастағы балаларды өлім-жітімге әкеледі. Барлық елдерде осал және қиындықпен қол жеткізілетін егілмеген халық топтары бар, олар содан кейін жұқпалы аурулар өршуін туғызады.
Иммунизациялау жыл сайын миллиондаған өмірді құтқарып қалады және бұл табысты бекіту және қолдау қажет. Медицина қызметкерлерінің ауру қауіптері және вакцинацияның басымдылығы туралы халыққа түсінікті тілмен ақпарат берулері аса маңызды.
Қазақстанда вакцинация тегін жүргізіледі, әрбір адамға, оның ішінде басқа елдерден келгендерге де қол жетерлік. Иммунизациялау аптасы кезінде қалауы бар адамдар осы елді мекендегі медицина ұйымдарында тіркелімінің болуына қарамастан егу алуына болады.
Бүгінгі күні иммунизациялауға альтернатива жоқ.
Алайда бұл мәселені жергілікті атқарушы органдарының, жұмыс берушілердің, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегісіз жалғыз медицина қызметкерлері шеше алмайды.
Астана қаласының емхана әкімшілігі Астана қаласы тұрғындарын өз денсаулықтарына қамқорлықпен қарап, қоғамға инфекциялық аурулармен күресуге көмектесе отырып, профилактикалық егулерді уақытында алуға шақырады.