Тіркеу бөлімі:  
57-25-32, +7 702 075 14 81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 57-25-32, +7 702 075 14 81
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

Мектеп және мектепке дейінгі бөлімше

Бөлім меңгерушісі

Кусепова Динара Асылбековна

педиатр дәрігер, жұмыс өтілі 22 жыл

Аға мейіргер

Мусина Салтанат Амангельдиновна

жұмыс өтілі 20 жылдан астам

  • Мекенжайы: Шевченко көш. 1, №256, №253 кабинеттер
  • Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00 құжат беру уақыты 8.00 - 15.40
  • Картотека мейіргері: Кунтай Абильхановна Хамзина
  • ММдБ дәрігерлері: А.М. Рахимбекова, Н.Р. Успабаева, К.А. Айдыбаева,
    Ш.Ю. Темиргалиева
  • Дантист: Ж.Н. Мукшаева
  • Мектеп орта медициналық қызметкерлер (ОМҚ):

ММдБ міндеттері мен функциялары:

1) «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу;

2) профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің нәтижелері бойынша сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

3) психикалық белсенді заттарды қолданумен байланысты, мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу;

4) «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына (әрі қарай №612 ҚРҮҚ) сәйкес вакцинациялау жүргізу;

5) аурулардың алдын алу, білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістерді ұйымдастыру және өткізу;

6) білім беру және түсіндіру іс шараларын жүргізе отырып білім алушылардың заңды өкілдерін және оқытушыларын білім алушылардың денсаулығын қорғауға тарту;

7) жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету.

«Астана қаласының білім басқармасы» ММ 07.10.2024 жылғы № 1969 және «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 07.10.2024 жылғы №279-ө «Астана қаласының орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету туралы» бұйрығымен мектептер сол кезеңге пайдалануға берілетін жаңа білім беру объектілерін ескере отырып, аумақтық қағидат бойынша бөлінді. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-на келесі білім беру нысандары бекітілді:

Мектеп атаулары

09.2023 ж. балалардың жалпы саны

1

1 мектеп лицей

2304

2

10 мектеп гимназия

1660

3

11 мектеп лицей

1986

4

17 мектеп гимназия

3270

5

35 мектеп лицей

1775

6

56 орта мектеп

1508

7

60 мектеп лицей

4929

8

«Жарқын» жеке меншік

91

10

Жеке меншікті «Академия» бастауыш мектебі

27

11

Canadian International school

77

12

«Школа «Мозаика»Астана» ЖШС

47

 

Барлығы

17674

 

Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК аумағында орналасқан МДМ

 

12.2024 жылғы мәліметтер

Балалар саны

1

«Гауһар» 11 балабақшасы

115

2

«Алтын бесік» 23 балабақшасы

135

3

«Үміт» 26 балабақшасы

300

4

«Қарлығаш-2» ПІБ

150

5

«Аяла» 96 балабақшасы

70

 

Барлығы:

770

 

Мектепке дейінгі-мектеп бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес иммунопрофилактика белсенді жүргізілуде.

Вакцинация жасына қарай және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оның ішінде қызылша, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гепатит, HPV және т. б. сияқты инфекцияларға қарсы жүргізіледі.

2023 жылдан бастап ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация енгізілді. Балалардың денсаулығын қамтамасыз ету және оларды жұқпалы аурулардан қорғау, сондай-ақ халық арасында қатерлі ісікпен сырқаттанушылықты азайту мақсатында ҚР ДСМ 11-13 жас аралығындағы қыздар арасында адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинациялауды енгізу жөніндегі бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Бұл шара жатыр мойны обырының алдын алудағы және болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады.

Осыған байланысты №4 қалалық емхананың мамандарымен, СӨС дәрігерімен, балалар гинекологымен, психологтармен және ММдБ дәрігерлерімен бірлесіп, АПВ (адам папилломавирусы) туралы алдын алу және ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

  1. Оқушыларға арналған білім беру іс-шаралары: АПВ тақырыбына арналған дәрістер, денсаулық сабақтары мен семинарлар өткізу. АПВ табиғатын, оның берілу жолдарын, ықтимал салдарын, соның ішінде жатыр мойны обырының және басқа да қатерлі ісіктердің даму қаупін түсіндіру. Салауатты өмір салтын және алдын алу шараларын насихаттау.
  2. Ата-аналар мен заңды өкілдерді хабардар ету: АПВ туралы хабардарлықты арттыру үшін медициналық мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналыстары мен вебинарларды ұйымдастыру. Жасөспірім балалар үшін АПВ вакцинациясының қажеттілігі мен қауіпсіздігін түсіндіру. Ата-аналардың сұрақтарына жауаптар және ықтимал алаңдаушылықтарды талқылау. Вакцинация кестесін ұйымдастыру және ата-аналарға вакцинация күні мен уақыты туралы хабарлау. Уақтылы алдын алу үшін оқушылардың егу мәртебесін бақылау.
  3. АПВ және оның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық буклеттер, плакаттар мен бейнематериалдар әзірлеу және тарату. Оқушылар мен олардың отбасыларына АПВ туралы ақпаратты жеткізу үшін мектептің ақпараттық стендтерін, электрондық пошта хабарларын және әлеуметтік желілерді пайдалану. Оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасында АПВ қаупі туралы хабардарлық деңгейін арттыру. АПВ вакцинациясымен қамтуды арттыру. АПВ-мен байланысты инфекциялардың таралу қаупін азайту және осы вирус тудыратын аурулардың алдын алу.

Бұл іс-шаралар оқушылардың денсаулығын сақтауға және жұқпалы аурулардың алдын алуға ықпал ететін қауіпсіз және ақпараттандырылған ортаны құруға бағытталған.

Маңызды! Иммунизациялау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жазбаша ақпараттандырылған келісімі болған жағдайда ғана жүргізіледі. Медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде тиісті медициналық құжаттамамен расталған екпелерден уақытша немесе тұрақты алып тастау рәсімделеді.

Туберкулез диагностикасы: Манту сынамасы және Диаскинтест

Туберкулез диагностикасының мақсаты - балалар мен жасөспірімдерде туберкулезді ерте анықтау.

Манту сынамасы - балаларға жыл сайын 12 айдан 17 жасқа дейінгі өткізіледі. Оң реакция кезінде (гиперергия, «вираж» және т.б.) бала учаскелік дәрігерге қосымша тексеруге және тіркелген жері бойынша фтизиатрға консультацияға жіберіледі.

Диаскинтест - вакцинациядан кейінгі реакцияны шынайы инфекциядан ажыратуға мүмкіндік беретін заманауи, нақтырақ диагностикалық әдіс. Манту оң сынамасы бар балаларға педиатрдың тағайындауы бойынша, сондай-ақ қосымша тексеру шеңберінде жүргізіледі.

Сынамалар ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жазбаша ақпараттандырылған келісімі болған жағдайда ғана жүргізіледі! Бас тартылған жағдайда тиісті өтініш рәсімделеді. Медициналық қызметкерлер ата-аналардың хабардарлығын арттыруға және балалардың салауатты өмір салтына тұрақты уәждемесін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Профилактикалық қарап-тексеру. «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес мектептерде профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізіледі.

7 жаста, 8 жаста, 9 жаста, 11 жаста, 13 жаста антропометрия жүргізіліп, стоматолог және педиатр дәрігерлер қарап-тексерулерін өткізеді;

10 жаста антропометрия жүргізіліп, келесі мамандардың қарап-тексеруі өткізіледі: хирург, ЛОР-дәрігер, окулист, стоматолог, эндокринолог және педиатр дәрігер;

12 жаста антропометрия жүргізіліп, келесі мамандардың қарап-тексеруі өткізіледі: окулист, стоматолог, эндокринолог және педиатр дәрігер;

14 жаста антропометрия, ЭКГ жүргізіледі. ЖҚТ және ЖЗТ тапсырылады, келесі мамандардың қарап-тексеруі өткізеді: хирург, ЛОР-дәрігер, окулист, стоматолог, невропатолог және педиатр дәрігер.

Барлық мәліметтер ф026 (баланың төлқұжатына) енгізіледі және оқу жылы ішінде КМАЖ-қа.

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс