Диагностиканың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде мамандандырылған көмек көрсету және күрделі медициналық технологияларды емханаға тіркелген аумақтағы халыққа, емханада және үйде көрсету
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымдар тізбесі бойынша қалалық емхана деңгейінде халыққа мамандандырылған көмек көрсету
Халықты диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру
Халық арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу
Бөлімшенің негізгі функциялары:
Науқастар мен диспансерлік есепте тұрған адамдарды консультациялық қабылдауды, МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша бейінді қарап-тексеруді жүргізу.
Медицина ғылымы мен техникасының заманауи жетістіктерін пайдалана отырып, зерттеу жүргізу.
Науқастарға бейінді мамандандырылған көмек жүргізу.
Аурудың дамуы мен өршуінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру.
Емдеуге жатқызуды жүзеге асыру, көрсетілімдерге сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу.
Сырқаттанушылыққа, еңбекке уақытша жарамсыздыққа, мүгедектікке және өлім-жітімге, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралардың тиімділігіне талдау жүргізу.
Алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістерін қолдану.
Учаскелік терапевтер мен педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне бейінді ауруларды ерте диагностикалау және алдын алу бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Бөлімшенің орта медициналық персоналының жұмысын бақылау және басшылық жүргізу.
Біліктілік деңгейін арттыру.
Науқастарға алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсету.
Науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығын талдау, санаториялық-курорттық емделуге адамдарды іріктеу, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылу белгілері бар адамдарды жіберу.
Белгіленген тәртіппен статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу, мамандандырылған терапевтік бөлімшенің қызметін сипаттайтын статистикалық деректерді талдау
Астана қаласы Шевченко к.,1 8 (7172) 57-28-65, 1430 pol_4@mail.ru