Тіркеу бөлімі:  
57-25-32, +7 702 075 14 81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 57-25-32, +7 702 075 14 81
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

Медициналық оңалту бөлімшесі

Бөлімшенің меңгерушісі

Сорокина Елена Федоровна

Жоғары санатты дәрігер

Денсаулық сақтау үздігі


Бөлімшенің аға мейіргері

Асрарова Альфия Альтафовна

Жоғары санатты мейіргер

Денсаулық сақтау үздігі

 

Медициналық оңалту көрсету және қалпына келтіру емдеу бөлімшесі Астана қаласы әкімдігінің «№4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-ның 14.12.2018 жылғы №233-ө бұйрығы негізінде ашылған емхананың құрылымдық бөлімшесі.

Мақсаттары: Пациенттер үшін оңалту және қалпына келтіру емінің қолжетімділігі, олардың ағзасының функционалдық резервтерін белсенді сақтау, сырқаттанушылықты азайту, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, мүгедектікті азайту, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, сондай-ақ созылмалы аурулардың алдын алу.

Тапсырмалар: Науқастар мен мүгедектер денесінің бұзылған және (немесе) жоғалған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған осы қызметтерге денсаулық жағдайы бойынша мұқтаж барлық жастағы топтардағы пациенттерге оңалту және қалпына келтіру қызметтерін көрсету.

Оңалтудың негізгі принциптары: ерте бастау, кезеңділігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, жеке және көпсалалы тәсіл қолдану, оңалту іс-шараларын жүргізудің нақты тұжырымдалған мақсатына қолжетімділігі, барабарлығы және бағдарлануы.

Қалпына келтіру және медициналық оңалту жүзеге асырылуы:

Бөлімшеде нормативтік құқықтық құжаттар мен емдеу хаттамаларына сәйкес емхананың тіркелген тұрғындары үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша амбулаториялық-емханалық оңалту қызметтері жүргізіледі, сондай-ақ стационарды алмастыратын көмектің оңалту қызметтеріне 22 төсек орын (15 ересек және 7 бала) орналастырылған.

Медициналық оңалту бөлімшесі пациенттерді жүрек-қан тамырлары қызметі, қозғалыс функциялары, жүрек және мидың қан тамырлары аурулары, жарақаттар, тірек-қимыл аппараты аурулары, жүйке жүйесі мен тыныс алу органдарының аурулары нәтижесінде бұзылған, жоғалған функцияларды ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған  қалпына келтірудің қазіргі заманғы әдістерінің барлық кешенімен қамтамасыз етеді.

Бөлімшеде медициналық оңалту «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі «Медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» № 65 бұйрығына, «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың минималды стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімше штатында оңалту дәрігерлері, ЕДШ нұсқаушылары, массажистер, физиотерапия кабинеттерінің медбикелері, логопед.

Материалды база: Медициналық оңалту бөлімшесі 3 қабатта орналасқан, құрамында:

кинезотерапия кабинеттері (ЕДШ) (гимнастика залы, тренажерлар залы, балалармен және ересектермен жеке сабақтар өткізуге арналған кабинет),

эрготерапиямен шұғылдануға арналған кабинет,

физиотерапия кабинеті(жарықпен емдеу және электрмен емдеу),

балалар мен ересектер массаж кабинеттері,

реабилитолог дәрігерінің кабинеті,

логопед кабинеті,  

Барлық кабинеттер жабдықтардың, аппаратуралардың және мүкәммалдың қажетті жиынтығымен жабдықталған.

Бөлмелер СанЕжН-нің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Механотерапия кабинеті:

Кинезотерапия залы:

Эрготерапия кабинеті:

 

Физиотерапия кабинеті:

 

Логопед кабинеті және балалармен жеке сабақтарға арналған кабинет:

 

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс