Тіркеу бөлімі: 57-25-32, +7 778 171 81 62
Анықтама: 57-46-81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 1430, +7 708 590 88 12, 57-25-32
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

57-25-32, +7 778 171 81 62
Тіркеу бөлімі
57-46-81
Анықтама
+7 778 099 68 73
Пациенттерді қолдау қызметі

Күндізгі терапиялық стационар

№4 қалалық емхананың күндізгі стационары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мемлекеттік бағдарламалары және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тіркелген халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін, тәулік бойы бақылауды талап етпейтін созылмалы аурулары шиеленіскен пациенттерді емдеуге жатқызу үшін, сондай-ақ тәулік бойы стационарлық емдеуден кейін консервативті емдеуді жалғастыру үшін ұйымдастырылған.

Күндізгі стационар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандарты» негізінде әрекет етеді.

Стационарды алмасытратын жағдайларды медициналық көмек келесілердің негізінде көрсетіледі:

 

1) ТМККК шеңберінде («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес);

2) МӘМС шеңберінде (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес);

Күндізгі стационардың меңгерушісі
Байконырова Лаура Серикказиновна
Жоғары санаттағы дәрігер   


Аға мейіргері
Жусупова Ария Шариповна
Жоғары санаты бар

 

Күндізгі стационар №4 қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі және 2 ауысымды тәртіпте, 26 төсек қорымен жұмыс істеуде.

     

Күндізгі стационардың жұмыс тәртібі:

  • Пациенттерді шығару сағат 00-ден 09.00-ге дейін жүргізіледі.
  • Пациенттерді қабылдау сағат00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі.
  • Емшаралар екі ауысымда жүргізіледі:

     -бірінші ауысым  8.15-тен 11.30-ға дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін);

     -екінші ауысым 11.30-дан 14.30-ға дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін).

  • Ауысымдар арасында палаталар мен кабинеттерді тазалау өткізіледі.
  • 30-дан 18.00-ге дейін құжаттамаларды толтыру, стационарды тазалау, кварцтау, дәрі-дәрмек қабылдау жүргізіледі.

Күндізгі стационарға жатқызу тәртібі:

Күндізгі стационрға жатқызу жоспарлы тәртіппен жүргізіледі. Күндізгі стационарға жолдама емдеуге жатқызу бюросының порталында жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін айқындай отырып, АХЖ - 10 коды бойынша негізгі диагнозды көрсете отырып, пациенттің деректерін тіркеуге және пациенттің амбулаториялық картасынан № 027/у нысаны бойынша үзінді көшірмені рәсімдеуге, жоспарлы емдеуге жатқызу күнін қабылдаушы тарап (яғни, күндізгі стационар) жолдамалардың кезектілігіне сәйкес айқындайды. Пациенттерді ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек алуға жіберу АХЖ -10 диагнозына және ҚР ДСМ клиникалық хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Отбор и направление пациентов в дневной стационар проводится участковыми терапевтами, врачами ВОП, узкими специалистами поликлиники. Пациенттің медициналық картасынан «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген, № 027/у нысаны бойынша үзінді және ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы жолдама рәсімделеді.

Күндізгі стационар жағдайында емдеу ұзақтығы-түскен сәттен бастап кемінде 3 күн, және 8 жұмыс күнінен аспайды. Әр пациентке емдеу дәрі-дәрмектер мен емшаралаға төзімділікті, мүмкін аллергиялық реакцияларды ескере отырып, жеке таңдалады.

Медициналық көмектің жалпы көлемі;

  • Бұлшықет ішіне, тері астына және тамыр ішіне инъекциялар.
  • Дәрілік заттарды тамыр ішіне енгізу.

Күндізгі стационарда медициналық көмек төменде аталған аурулары бар пациенттерге көрсетіледі:

-    Аяқтың тамыр аурулары: аяқтың варикозды ауруы, созылмалы веноздық жеткіліксіздік;

   -  Тыныс алу органдарының аурулары: аралас демікпе, өршу кезіндегі ӨСБА;

   -  Асқазан-ішек жолдарының патологиясы: панкреатит;

   -  Жүйке жүйесінің аурулары: орталық және перифериялық қан айналымының бұзылуы, мидың созылмалы ишемиясы, бас ми жарақатының салдары, полиневропатия, неврит, радикулиттер;

   -  Ревматологиялық аурулар: остеоартрит, ревматоидты артрит;

   -  Қант диабеті және оның асқынулары;

   -  Көз аурулары: Макулодистрофия (окулисттың жолдамасымен).

   -  Қабыну сипатындағы гинекологиялық бейіндегі аурулар: созылмалы сальпингоофорит (гинекологтың жолдамасымен).

   -  Железодефицитная анемия (Гемоглобин 70г/л -дан 90 г/л-ға дейін).

   -  Жүктілер токсикозы (құсу) жеңіл дәрежедегі (гинекологтың жолдамасымен).

Күндізгі стационарға жатқызуға қарсы көрсеткіштер:

  • Жіті аурулар;
  • Аурудың нашарлауы; ауыр ілеспе ауруы барлар, негізгі аурудың асқынуы.
  • Тәулік бойы емдеу процедураларын және медициналық бақылауды қажет ететін аурулар;
  • ЖКС (Жіті коронарлы синдромы),
  • МҚЖБ (Ми қанайналымының жіті бұзылулары).
  • Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар.
gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс