57-25-32, +7 702 075 14 81
Ішкі экспертиза және пациентті қолдау қызметі



«Адамдарды емдей отырып біз ұлт денсаулығын нығайтамыз»
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес құрылды.
ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ жұмысы медициналық көмектің көрсетілу тәртібінің бұзылу фактілерін анықтауда.
- медициналық көмектің көрсетілу сапасына көңіліңіз толмаған жағдайда,
- аурухананың медициналық персоналы жағынан дөрекі қарым-қатынас көрсеткен жағдайда,
- кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі төңірегінде көрсетілген медициналық қызметіне медициналық персенолдың ақшалай қаражат алуы фактілеріне кезіккен жағдайда,
- сонымен қатар медициналық көмектің көрсетілу тәртібі және сапасымен байланысты басқа мәселелерге кезіксеңіз, науқастарды қолдау қызметіне жүгінуге құқығыңыз бар.
Сізге ыңғайлы болуы үшін, Сіз аты-жөніңізді, тегіңізді және байланыс мәліметтеріңізді көрсетіп жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз (телефон, мекен - жайы).
- ТМККК аясында медициналық көмек алуда сұрақтарыңыз болса, МӘМС бойынша қызметтен бас тартқан жағдайда немесе сапалы қызмет көрсетілмегенде ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ МЕН ІШКІ САРАПТАМАҒА хабарласуды сұраймыз.
Ересектер корпусы 1-қабат 102-кабинет,
Тел.: 8 778 099 68 73
Науқастарды қолдау қызметіне ем қабылдап жатқан науқастар және олардың туыстары жүгінуге құқылы.
Ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін пікірлеріңіз, тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Құрметпен, Науқастарды Қолдау қызметі
