Тіркеу бөлімі: 57-25-32, +7 778 171 81 62
Анықтама: 57-46-81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 1430, +7 708 590 88 12
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

57-25-32, +7 778 171 81 62
Тіркеу бөлімі
57-46-81
Анықтама
+7 777 522 50 98
Пациенттерді қолдау қызметі

Мектеп және мектепке дейінгі бөлімше

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту туралы» Ереженің 9-тармақшасының 15-тармағын орындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 04.09.2019 жылғы № 1-449 қаулысымен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласында 2019-2022 жылдарға арналған мектеп жасындағы балаларға медициналық көмек көрсету» жол картасы жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға медициналық көмек көрсету мақсатында департамент басшысының 10.10.2019 жылғы № 987-ө бұйрығымен бекітілген.

Бөлімшенің құрылымы:

Бөлімше меңгерушісі: Кусепова Динара Асылбековна

Аға мейіргер: Мусина Салтанат Амангельдиновна

Картотека мейіргері: Джамбекова Надежда Ивановна

 Дәрігерлер: А. Рахимбекова, Н. Успабаева,

Ж. Ахатова, К. Айдыбаева

Стоматолог мейіргері, дантист: Ж. Мукшаева

Мектеп мейіргерлері

Мекенжайы:  Сейфуллин көшесі, 22

№ 9 кабинет

 Жұмыс уақыты: 08:00-18:00 

 Құжаттарды беру: 08:00-15:40

Бөлімше меңгерушісі: Кусепова Динара Асылбековна

Жоғары санатты педиатр дәрігер, еңбек өтілі - 20 жыл

«МУА» АҚ пульмонология және нефрология кафедрасының доценті.


Бас мейіргер: Мусина Салтанат Амангельдиновна

 Еңбек өтілі - 20 жыл

Бөлімшенің міндеттері мен функциялары:

 1) «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес Халықтың нысаналы топтары, оның ішінде мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының студенттерін профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу;

 2) профилактикалық медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері бойынша сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

 3) психоактивті заттарды қолданумен байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу;

 4) «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес егуді жүзеге асыру; (бұдан әрі – ҚР ЕК № 612);

 5) аурулардың алдын алу, студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша оқу семинарларын, тренингтер мен дәрістер ұйымдастыру және өткізу;

 6) білім алушылардың денсаулығын сақтау және оқушылардың заңды өкілдерін тәрбиелік-түсіндіру іс-шараларымен таныстыру;

 7) төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсету;

 «Астана қаласының орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету туралы» «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 07.10.2024 жылғы № 1969 және «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің 07.10.2024 жылғы № 279-ө бұйрығына сәйкес мектептер мен жаңа білім беру нысандарын ескере отырып, аумақтық негізде бөлінді.

Мектептердің атауы,

мектеп мекенжайлары

Балалар саны

1

№1 мектеп лицейі

Желтоқсан көшесі, 9.

2304

2

№ 10 мектеп гимназия

Ғабдуллин көшесі, 7.

1660

3

Лицей мектебі Абай көшесі, 11.

1986

4

№ 17 мектеп гимназия

Қабанбай  батыр даңғылы, 9/1.

3270

5

№ 35 мектеп лицей

Абай көшесі, 9/1.

1775

6

№ 56 мектеп лицей

Шевченко көшесі, 3.

1508

7

№ 60 мектеп лицей

С.Кубрина көшесі, 21/1.

4929

8

«Жарқын смарт мектебі» Абай көшесі, 3/2.

91

9

Бастауыш мектеп «Академия» Шығанақ көшесі, 7.

27

10

«Канадалық халықаралық мектеп» Тұран даңғылы,  22/1.

77

11

«Мектеп «Мозаика» Астана» ЖШС Досмұхамедұлы көшесі, 31.

47

 

Қорытынды:

17674

 

Ж.С. Ахатова – педиатр дәрігер, ЖТД,  еңбек өтілі 3 жыл

№60 мектеп-лицей (оқушылар саны – 4929).

 

А.М. Рахимбекова – педиатр/гастроэнтеролог дәрігер, еңбек өтілі 5 жыл

№10, №17 мектеп-гимназия (оқушылар саны – 4930).

 

Н.Р. Успабаева – педиатр дәрігер, еңбек өтілі 15 жыл

№1, № 56 мектеп-лицей, Канада халықаралық мектебі, Мозаика мектебі Астана (оқушылар саны – 3936)

 

Қ.А. Айдыбаева педиатр дәрігер, еңбек өтілі 7 жыл

№11, №35 мектеп-лицей, «Жарқын Smart мектебі», «Академия» ЖОББМ (оқушылар саны – 3879)

 

1

№ 11 «Гаухар»  балабақшасы 

115

2

№ 23 «Алтын бесік»  балабақшасы 

135

3

№ 26 «Үміт»  балабақшасы 

300

7

 № 2 «Қарлығаш» балабақшасы  ПІБ

150

8

№ 96 «Аяла»  балабақшасы 

70

 

Қорытынды: 

770

Қазақстан Республикасының ұлттық екпе күнтізбесіне өзгерістер енгізілді, қазіргі уақытта адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы егу жасөспірімдерге арналған міндетті екпелердің тізіміне енгізілген. Балалардың денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасында онкологиялық ауруларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинацияны енгізу бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Бұл шара жатыр мойны обырының алдын алу және болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады. Осыған орай, № 4 қалалық емхананың мамандары, салауатты өмір салты дәрігері, балалар гинеколог дәрігері, психологтар барлығы бірлесе отырып, АПВ (адам папилломавирусы) ауруының алдын алу және ақпараттандыру жұмыстарын төмендегідей жүргізуде:

          АПВ тақырыбы бойынша дәрістер, денсаулық сабақтары және семинарлар өткізу;

АПВ табиғатын, оның берілу жолдарын, ықтимал салдарын, соның ішінде жатыр мойны обырының және басқа да қатерлі ісіктердің даму қаупін түсіндіру;

Салауатты өмір салтын насихаттау және алдын алу шараларын жүргізу;

          Ата-аналар мен заңды өкілдерді ақпараттандыру;

АПВ туралы ақпараттандыруды арттыру үшін медицина мамандарының қатысуымен ата-аналар жиналысы мен вебинарлар ұйымдастыру;

 Жасөспірімдерге АПВ вакцинациясының қажеттілігі мен қауіпсіздігін түсіндіру;

          Вакцинация кестелерін ұйымдастыру және ата-аналарды вакцинация күні мен уақыты туралы хабар ету;

Уақытында алдын алу үшін оқушылардың егу жағдайын бақылау;

          АПВ және оның алдын алу бойынша ақпараттық буклеттер, плакаттар мен бейнероликтерді әзірлеу және тарату;

АПВ туралы ақпаратты оқушылар мен олардың отбастарына жеткізу үшін мектептің ақпараттық тақталарын, электрондық пошта ақпараттық бюллетеньдерін және әлеуметтік медианы пайдалану;

          Оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің АПВ қауіптілігі туралы хабардарлығын арттыру;

          АПВ-мен байланысты инфекциялардың таралу қаупін азайту және осы вирус тудыратын аурулардың алдын алу.

          Бұл іс-шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтуға және жұқпалы аурулардың алдын алуға ықпал ететін қауіпсіз және ақпараттандырылған ортаны құруға бағытталған.

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс