Тіркеу бөлімі: 57-04-68
Анықтама: 57-46-81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 1430, 57-28-65 
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

57-04-68, +7 708 590 88 12
Тіркеу бөлімі
57-46-81
Анықтама
Шевченко к.,1
Астана қ.

Емдеуге жатқызу мәселелері

Жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызу

Науқастарға арналған жадынама

Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл дәрігердің созылмалы аурулар көрсеткіштерінің бар болуы (анықталған жағдайда) және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін, өміріне қауіпті емес жағдайда науқасты стационарға емдеуге бағыттауы. Жоспарлы емдеуге жатқызу науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты бірнеше күн ішінде госпитализация Бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.

Госпитализация Бюросының порталы – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу үшін науқас бағыттамаларын бірыңғай электронды тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтау жүйесі.

Шұғыл емдеуге жатқызу –науқасты жедел жәрдем дәрігері, учаскелік дәрігер немесе қабылдау бөлімінің дәрігері анықтаған жедел шұғыл жағдайы кезінде стационар жағдайында емдеуге бағыттауы. Шұғыл емдеуге жатқызу науқасты қысқа мерзімде бейінді стационарға дейін тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

Жедел госпитализация үшін:

Кенеттен болған қатты жай-күйлер және өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және шұғыл жағдайлар пайда болғанда жүктілік кезінде емделуші шұғыл тәртіпте ауруханаға жатқызылады.

1-қадам – жедел жәрдем дәрігерін шақыру, учаскелік дәрігерді үйге шақыру, оған тұрғылықты тіркелген жеріндегі емханаға немесе стационардың қабылдау бөліміне тікелей жүгіну;

2-қадам – дәрігер (жедел жәрдем, емхана) шұғыл емдеуге жатқызуға көрсеткіштердің болуын анықтайды және тиісті бейіндегі стационарға жолдама береді;

3-қадам – жолдама арқылы жедел госпитализация үшін тасымалдау  жедел жәрдем машинасымен, санитарлық авиациямен немесе жеке көлікпен жүзеге асырылады;

4-қадам  –  жедел госпитализация кезінде медициналық көмекті уәкілетті аумақтық денсаулық сақтау органы белгілеген тәртіппен стационарлық медициналық ұйымдар көрсетеді.

Жоспарлы госпитализация үшін:

1-қадам – дәрігерге тіркелу орны бойынша жүгіну;

2-қадам - емхана жағдайында минималды көлемде (қажетті) өту;

3-қадам – дәрігердің  жоспарлы емдеуге жатқызуға көрсеткіштерді анықтаған жағдайда, Сіз медициналық ұйым дәрігерімен бос төсектер бар болуын талқылау керексіз;

4 қадам – дәрігер госпитализация Бюросының порталына сіздің деректеріңізді енгізеді және қолыңызға код жазылған «Жоспарлы госпитализацияға талонын» береді, талон бойынша www.bg.eisz.kz сайтында жоспарлы емдеуге жатқызуға өз кезегіңізді бақылай аласыз,сондай-ақ стационарда бос төсек-орын туралы ақпаратты көре аласыз. Мәліметтер құпия болып табылады.

5 қадам – стационар өтініштің тіркелген кезден бастап 2 күн ішінде Порталда жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін анықтайды;

6-қадам – стационармен госпитализация күні анықталғаннан  кейін дәрігер Сізге жоспарлы госпитализацияға Жолдама береді. Жолдаманы Сіз емдеуші дәрігерден немесе үйге жеткізу арқылы ала алсыз.

7-қадам – емдеуге жатқызуды күткен мерзімде Сіз емдеуші дәрігердің бақылауында боласыз. Бақылаудың үздіксіздігі міндетті болып табылады.

8-қадам - Сіз жолдамада көрсетілген уақытта госпитализацияға келуге міндеттісіз. Күтпеген жағдаяттар туындаған болса (басқа жіті аурудың болуы, кету, билеттің болмауы т. б.) Сізге учаскелік дәрігерді уақытында хабардар ету керек.

Шетелде емделу:

Құрметті азаматтар!

Құрметті пациенттер!

Пациенттерді шетелге емделуге жіберу біздің елімізде әлі жеткілікті дамымаған немесе жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға (бұйрыққа сілтеме) сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Пациенттер жеке қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге өз бетінше барған жағдайларда бұл бағдарлама бойынша көмек ала алмайтынын атап өту маңызды.

Шетелге емделуге жіберудің орындылығын қарау үшін республикалық медициналық ұйым шетелде емдеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс органына пациенттің құжаттар пакетін (пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, пациенттің ауру тарихынан үзінді көшірме, республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы) енгізеді.

Жұмыс органы пациентті шетелге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы келіп түскен күннен бастап бекітілген шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесіне кіретін бейінді шетелдік медициналық ұйымдардан пациентті емдеу бағдарламаларын және оны көрсетуге арналған шығыстардың калькуляциясын сұратады.

Сонымен бірге, жұмыс органы құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап пациент туралы деректерді пациенттің немесе пациенттің заңды өкілінің құжаттарды қарау кезеңдерін қадағалауға мүмкіндік беретін КҮТУ ПАРАҒЫНДА жеке күту кодын қалыптастыра отырып, шетелге емделуге үміткер пациенттердің тізбесіне енгізеді (сілтемені басыңыз).

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша жұмыс органы 14 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама комиссиясына пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы ұсыным береді, содан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама комиссиясы шешім шығарады.

Пациентті емдеуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымды таңдаудың негізгі өлшемдері емдеу бағдарламасының сәйкестігі және бәсекелес ортаны ескере отырып емдеудің инновациялық әдістерін пайдалану болып табылады, сондай-ақ баға саясаты да маңызды рөл атқарады.

Оң шешім қабылданған жағдайда жұмыс органы 10 жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйыммен медициналық қызметтер көрсетуге шарт түзеді.

Пациенттерді шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге (емделуге, жол жүруге) жіберуге байланысты шығыстарды төлеу де мемлекет есебінен жүргізіледі.

Біз жақын және алыс шетелдердің (Ресей, Беларусь, Түркия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Германия, Испания және т.б.) алдыңғы қатарлы бейінді шетелдік медициналық ұйымдарымен ынтымақтасамыз, олар Қазақстан Республикасында өткізілмейтін жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсететін және денсаулық сақтау саласында халықаралық сертификаттары бар көп бейінді медициналық ұйымдар болып табылады.

Бұдан басқа, осы бағдарлама шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді дамыту мақсатында республикалық медициналық ұйымдар базасында пациенттерді мастер-класстар шеңберінде емдеу кезінде тиісті бейінді тартылған шетелдік мамандар отандық мамандармен тәжірибе алмасады.

Иновациялық медициналық технологияларды қарқынды енгізудің арқасында елде Шетелде емделуге үміткер пациенттердің саны азаюда.

Жыл сайын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге 100-ден астам пациент жіберіледі, сондай-ақ 30-дан астам пациент шетелдік мамандарды тарта отырып, шеберлік сыныптары шеңберінде операция жасалды.

Көптеген жағдайлар онкогематология, жеке мүшелер мен жүйелер онкологиясы (ағзаларды транспланттау, туыс емес донордан сүйек кемігін транспланттау, Протонды терапия, MIBG терапия, стереотаксикалық термокоагуляция және т.б.) бейініне келеді.

Болашақта Қазақстан Республикасы жағдайында диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу және дамыту отандық медицинаның дамуына мүмкіндік береді.

Байланыс ақпараты

Медициналық көмектің сапасын мониторингтеу департаментінің шетелде емдеуге жіберу бойынша Комиссияның жұмыс органы

Бейсен Майра Боранбайқызы, Жұмыс органының басшысы, 8 (7172) 64 41 19, email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Монтаева Дамель Жарылкасымовна, 8 (7172) 67 40 99,  email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.      

Шайкина Эльмира Мырзатовна, 8 (7172) 67 41 02,  email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.     

Абенова Назым Есмуханбетовна, 8 (7172) 67 41 04, email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу процесін ұйымдастыруды жақсарту мақсатында шетелде ем алған пациенттер үшін әзірленген шағын сауалнама жүргізуге белсенді қатысуды сұраймыз. Әр сұрақты және оған мүмкін жауаптарды мұқият оқып шығыңыз. Сіздің пікіріңізге неғұрлым жауап беретін жауапты таңдап, оны көрсетіңіз, сондай-ақ біздің жұмысымызды жақсарту бойынша өз пікірлеріңіз бен толықтыруларыңызды қалдыра аласыз. Шын жүректен жауап беруіңізді сұраймыз. Жауаптар жалпыланған түрде қолданылады. Фамилияңызды көрсету қажет емес. Анонимділікке кепілдік беріледі. Сізге алдын ала алғыс айтамыз және зор денсаулық тілейміз! 

 

ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары

 

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.