Тіркеу бөлімі: 57-04-68
Анықтама: 57-46-81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 1430, 57-28-65 
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

57-04-68, +7 708 590 88 12
Тіркеу бөлімі
57-46-81
Анықтама
Шевченко к.,1
Астана қ.

Дәрілік заттарды қайталанды сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды

Сатып алуды ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, дәрілік заттарды қайталанды сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды.

Сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі және сатып алуға бөлінген сома) № 1 қосымшада көрсетілген.

Жеткізіп беру мерзімі мен шарттары - Жеткізуші жеткізуді 30 күнтізбелік күн ішінде Астана қаласы, Т. Шевченко көшесі, 1 мекен-жайы бойынша жүзеге асырады. Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші қабылдап алу-беру актісіне қол қойған және Өнім беруші шот-фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

Әлеуетті өнім берушілердің жабық конверттердегі баға ұсыныстары мына мекен-жайы бойынша ұсынылады: Астанақ., Т. Шевченко к-сі, 1, 4 қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі, 412 кабинет, 01.02.2024 жылғы 12 сағат 00 минуттан 08.02.2024 жылғы 13 сағат 00 минутқа дейін.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу 08.02.2024 жылғы 14 сағат 00 минут мына мекен-жайы бойынша: Астанақ., Т. Шевченко к-сі, 1, 204 кабинет,  мемлекеттік сатып алу бөлімі.

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылған баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарт жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген сұрау салу талаптарына сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады

Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін жабық түрде 1 (бір) баға ұсынысын береді, ол келесі құжаттарды қамтиды:

- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қол қойылған және әлеуетті өнім берушінің мөрімен (ол болған кезде) бекітілген баға кестесі. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде салықтар енгізіледі

-жеке немесе заңды тұлғаның лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растайтын рұқсат

-ұсынылатын тауарлардың ҚР ДСМ №110 Қаулысы қағидаларының 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар

 

Қосымшаны сақтау...

 

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.