Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды. Оған сәйкес 6 Кодекс пен 16 Заңға өзгерістер енгізу қарастырылған.
Заң жобасында МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК), жарнаны төлеушілер мен төлем нысандарына байланысты өзгерістер, төлемшілердің жаңа санаттарын белгілеу, мемлекет төлем жасайтын азаматтар қатарын нақтылау, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын, және МӘМС пен ТМККК көлеміндегі дәрілік қамтамасыз ету мәселелері ұсынылған.