№ 4 қалалық емхана «Алтын жылдар» клубы мүшелерінің мерейтойларын атап өтуде

Биылғы жылы «Алтын жылдар» клубының үш мүшесі 75 жастық мерейтойларын тойлап жатыр. № 4 қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық қызметінің мамандары зейнеткерлерді мерейтойларымен шын жүректен құттықтады. Медициналық қызметкерлер атынан мерейтой иелерін құттықтап, оларға жылы лебіздерін, құттықтауларын білдірді, сонымен қатар клубтың дамуна өз үлестерін қосқаны үшін ШЖҚ МКК «№ 4 қалалық емхана» әкімшілігі мақтау қағаздарын табыстады.