2016 жылдың 24-30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасында оның ішінде Астана қаласында да Еуропалық Иммундау апталығы өткізіледі. Еуропалық Иммундау апталығының мақсаты – иммундауға назар аударту жолымен егудің қамту деңгейін жоғарылату және оның маңыздылығы туралы хабарлау. Сонымен қатар халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарылату, ата-аналар арасында иммунизациялануды міндеттеу, осы жолмен адам денсаулығын сақтау және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алуға бағытталған вакцинапрофилактика жетістіктері деңгейін көтеруді қамтамасыз ету болып табылады. Егуді тұрғындар тұратын мекенжайы бойынша медицина ұйымдарынан ала алады. Өзіңізді, отбасыңызды, жақындарыңызды сақтаңыздар! Дендеріңіз сау болсын! Тел.: 57 46 81; 57 50 38.