«Диабетке жол жоқ!» акциясын өткізді

Осы жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні диабетті алдын алу және емдеуге арналған. Осыған орай мереке қарсаңында 4 сәуір күні №4 қалалық емхана «Ардагер» ҚБ-мен  және ХэлпЭйдж Интернешнл халықаралық ұйымымен бірлесіп «Диабетке жол жоқ!» акциясын өткізді. Іс-шараға «Алтын жылдар» клубының мүшелері белсенді қатысты.