Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында жаңа жобаларды іске қосты. Қала басшысы «Smart емхана», «Smart мектеп», «Smart көшелерді жарықтандыру», «Smart payments» жобаларымен, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің интеллектуалды байланыс орталығының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, №4 қалалық емханада «Smart емхана» жобасы тәжірибеде пайдалануға берілді. Смарт-сервис аясында дәрігерге онлайн жазылу жүйесі, терминал арқылы емханаға қабылдауға жазылу, сондай-ақ, дәрігерлер мен тіркеу қызметінің автоматтандырылған жұмыс орындарын іске қосу қарастырылған.