Халықтың нысаналы тобында ауруларды ерте анықтауда скринингтік тексеру

СКРИНИНГ– бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау және асқынушылықтың  алдын алу үшін белгілі жастағы сау тұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу. 

Скрининг көлеміне мыналар кіреді: 

40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы адамадардың көз іші қысымын өлшеу. 

40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаны  анықтау. 

Iсіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынандай тексерулерден өту керек: 

Әйелдер: 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы әйелдерді сүт безін рентгенологиялық тексеруден өткізу(маммография). 

 Әйелдер: 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдердің патологиялық өзгерістерін анықтау үшін жатыр мойнынан   алынған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу.   

50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы ерлер мен әйелдер жуан және тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін   жасырын қан бойынша тексеруден өткізу.

 

 

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы