Азаматтарды емханаларға тіркеу ережелері

 

 

 

«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 Қаулысына сәйкес:

1. БМСК ұйымдарына азаматтар мен оралмандарды бекіту тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

2. Азамат және оралман БМСК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі. БМСК ұйымы бекітуді азаматтар мен оралмандар өз еркімен жүгінген кезде жүзеге асырады.

3. Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) болған кезде отбасы мүшелерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішінің және отбасы мүшелерінің бекітуге жазбаша келісімінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.

4. Азаматтар мен оралмандарды БМСК ұйымдарына бекіту бекітілген халық санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5. БМСК ұйымдарына азаматтарды және оралмандарды бекітуді өзгерту:
тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде:

  • БМСК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;

  • азамат және оралман дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдаған кезде жылына бір реттен жиі емес;

6. Азаматтар мен оралмандар тікелей жүгінген кезде оларды БМСК ұйымдарына бекіткен кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару бекітілген халық тізілімі арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

7. БМСК ұйымдарына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта бекітілген кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

8. Азаматтар мен оралмандар БМСК ұйымына бекітуді еркін таңдаған кезде, қызмет көрсетудің аумақтық қағидасы ескеріледі, азаматтарды қаланың басқа аумағынан бекіту кезінде, медициналық ұйым олармен осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігін (патронаж, үйге шақырту, үйде қарау және т.б.) талқылауға құқылы, өйткені емхана, дәрігерлік амбулатория қызметі аумақтық қағидаға негізделген, бұл туралы алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.

«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 Қаулысы