«Городская поликлиника № 4»



ЗТО мәліметтері

Зертханалық технологиялар орталығы – Астана қаласындағы бірінші орталықтандырылған мемлекеттік зертхана

Мекенжайы: Шевченко көшесі,1.

Тел.: 8 (7172) 518-839,   8 (7172) 518-849

Денсаулық сақтау саласын дамыту аясында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде Зертханалық технологиялар орталығы 2011 жылы құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты: Астана қаласының тұрғындарына: зертханалық қызметтердің қолжетімді болуын  және сапасын арттыру.

Зертханалық технологиялар орталығының басшысы – Сулейменова Жанар Нурлановна – жоғары біліктілік санатындағы зертханашы дәрігер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының  зертханалық диагностика бойынша бас маманы, іскери әкімшілік магистрі.

Зертханалық технологиялар орталығының меңгерушісі – Мухаметова Наталья Александровна - жоғары біліктілік санатындағы зертханашы дәрігер. Байланыс тел.:  8 (7172) 518-839,   8 (7172) 518-849

 

Сіз зертханалық технологиялар орталығынан төмендегідей тексерулерді өте аласыз:

- биохимиялық талдаулар: 33 биохимиялық параметрлерден астам, соның ішінде микроэлементтерге талдау: мыс, мырыш, фосфор, магний, кальций және т.б.

- коагулограмма талдауы: МНО (ХЖҚ), АЧТВ (ББТУ), фибриноген, канның ұю факторлары, соның ішінде Виллебранда, VIII факторлары.

- гормондардың талдауы: қалқаншаның,  репродуктивті жүйенің, бүйрек үсті, гипофизді (50 түрден астам), соның ішінде бірнеше гормондар, олар: 17-ОН-прогестерон, ванилминдальді қышқылы, остеокальцин, альдостерон, паратгормон және т.б.

- аутоиммунды маркерлердің талдауы: диагнозды растау үшін мүмкіндік беретін аутоиммунды маркерлердің 30 астам түрі: жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, жүйелі аутоиммунды васкулиттер, Шегрен синдромы, жүйелі склеродермия, полимиозит, дерматомиозит және т.б.

-В,С, Дельта вирустық гепатиттер маркерлерін зерттеу иммуноферментті (ИФА),иммунохемилюменисцентті (ИХЛ) тәсілдермен және соңғы буын құрал – жабдығында жасалатын полимеразды тізбекті реакция (ПЦР)тәсілімен.
- қандағы иммуносупрессерлердің концентрациясын дәрілік мониторингі (циклоспорин, такролимус).
Зертханалық зерттеулердің барлық түрлері инновациялық әдістерді қолдана отырып, қазіргі заманғы жоғары технологиялық автоматты құрал-жабдықтарда жүзеге асырылады.
Зертханалық технологиялар орталығы сапаны сыртқы бағалаудың үш жүйесіне қатысады (Ұлыбритания, Финляндия, АҚШ).

2014-2015 жылдардағы халықаралық бағалау қорытындысы бойынша (Алдын алу және Ауруларды бақылау орталығы, CDC, Атланта, АҚШ; медициналық стандарттарды дамыту халықаралық институты, CLSI, Вашингтон, АҚШ) зертханалық технология орталығы еліміздің зертханалары ішінде 2 орынды иеленді.
2016 жылы зертханалық технологиялар орталығы Қазақстан Республикасының ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар» стандарттарына сәйкес аккредитациядан өтті, аккредитация аттестаты 17.02.2016 жылы шыққан № KZ.И.01.1702, сонымен қатар берілген стандарт бойынша аккредитацияны өткен жалғыз мемлекеттік қалалық зертхана болып табылады.
Зертханалық технологиялар орталығында жүзеге асырылатын зерттеулердің құны орташа нарықтық бағадан 30 % арзан.

Біздің ұранымыз: «Сапалы нәтижеге кепілдік»