«Городская поликлиника № 4»



Науқастарды зеттеуге дайындау

Зертханалық технологиялар орталығының пациенттері үшін жадынама! 

Құрметті пациенттер!

 

Әр түрлі ауруларды уақытылы және нақты анықтау зертханалық талдауларсыз мүмкін емес. Ауру белгілері әлі жоқ, бірақ қан көрсеткіштері «Назар аударыңыз!» «Қауіп» деп дабыл қағады.

 

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының (БДҰ) бағасы бойынша зертханалық талдаулар науқас туралы диагностикалық ақпараттың 60 - 80% береді.

 

Зертханалық талдау ары қарай іздеу үшін бағыт береді.

Сондықтан талдаудың сапалы қорытындысы бұл – уақытылы емделудің бастамасы, ал заманауи зертханада талдаулар тапсыруға дұрыс дайындық – бұл нақты диагноз болып табылады.

 

Зертханалық талдауға қан тапсыру соңғы астан кейін 8-12 сағат өткен соң,  таңертең аш қарынға тапсыру ұсынылатына назар аударамыз.

Дененің күш салуы және эмоционалдық факторлар сіздің талдаулар қорытындыларына әсер етуі мүмкін!

 

Егер сіз дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз, онда міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізді ескертіңіз. Дәрі-дәрмекті қан тапсырған соң қабылдауға тырысыңыз.

Зертханалық технологиялар орталығының пациенттері үшін жадынама! 

Жалпы несеп талдауын жинау 

Талдауға жіберуді мұқият оқыңыз, Сіздің емдеуші дәрігеріңізбен көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз

Несеп жинау алдында жыныстық органдардың жете гигиеналық тазартуын жүргізіңіз.

Әйел адамға етеккір кезінде несеп талдауын тапсыруға болмайды.

Шамамен 50 мл таңғы несебін контейнерге (орташа порция) жинаңыз

Несепті жинаған соң контейнер қақпағын дұрыстап жабыңыз

Несепті қамтитын контейнерді талдауға жолдаумен бірге Зертханалық технологиялар орталығына (кабинет 129) сағ  8:00 ден  10:00-ге дейін жеткізіңіз.

Назар аударыңыз!

 Әр түрлі зертханаларда түрлі талдау әдістері мен өлшем бірліктері қолданылу мүмкін. Сіздің қорытындыларыңыздың бағасы дұрыс және нақты болу үшін, талдауды бір зертханада және бір уақытта жасаңыз. Осындай талдауларды салыстыру нақты болады!

  

Зертханалық технологиялар орталығының пациенттері үшін жадынама! 

Биохимиялық талдау үшін тәулік несебін жинау

Талдауға жіберуді мұқият оқыңыз, Сіздің емдеуші дәрігеріңізбен көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз

Тәулік бойғы несепді жинаңыз

Таңғы несеп порциясын төгіп тастаңыз. Күні, түні бойы және келесі күннің бірінші таңғы несебін бір ыдысқа жинап, тоңазытқышта сақтаңыз  (+4...+8°С).

Несепті жинаған соң несептің нақты көлемін өлшеп, жақсылап араластырып, кішкентай ыдысқа құйыңыз  (5-10мл).

Жолдау бланкісіне тәулік несептің көлемін, бойыңыз бен салмағыңызды көрсетіңіз, бұл талдау жасау үшін қажет

Несепті қамтитын контейнерді талдауға жолдаумен бірге Зертханалық технологиялар орталығына (кабинет 129) сағ  8:00 ден  10:00-ге дейін жеткізіңіз.

 

Назар аударыңыз!

 Әр түрлі зертханаларда түрлі талдау әдістері мен өлшем бірліктері қолданылу мүмкін. Сіздің қорытындыларыңыздың бағасы дұрыс және нақты болу үшін, талдауды бір зертханада және бір уақытта жасаңыз. Осындай талдауларды салыстыру нақты болады!

Зертханалық технологиялар орталығының пациенттері үшін жадынама!

Қан тапсыруға дайындық

Талдауға жіберуді мұқият оқыңыз, Сіздің емдеуші дәрігеріңізбен көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз!

Қан тапсыру күнінен бір күн бұрын кешкі асыңызды 20:00-ден кешіктірмей қабылдаңыз, ішімдік пен майлы тамақтан бас тартыңыз!

Талдаулар қорытындыларына әсер ететін факторларды болдырмаңыз: дененің күш салуы және эмоциялық факторлар.

Егер сіз дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз, онда міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізді ескертіңіз. Дәрі-дәрмекті қан тапсырған соң қабылдауға тырысыңыз.

Көптеген қан талдауларының қамтуы тәулік бойғы ауытқуларға тап болады, сондықтан қанды таңғы 10.00 дейін тапсырады.

Қанды рентгенография, ректалдық зерттеу және физиотерапевтикалық ресімдерден кейін тапсыруға тыйым салынады.

Фертильді жастағы әйелдерге (етеккір кезеңінің бар болуы) ФТГ, ЛГ, пролактин, эстрадиол гормондарына талдауды еттеккірдің  3-5 күніне қатаң тапсыру керек. Прогестеронға қан талдауын етеккірдің  21-23 күніне тапсыру керек.

 

Назар аударыңыз!

 Әр түрлі зертханаларда түрлі талдау әдістері мен өлшем бірліктері қолданылу мүмкін. Сіздің қорытындыларыңыздың бағасы дұрыс және нақты болу үшін, талдауды бір зертханада және бір уақытта жасаңыз. Осындай талдауларды салыстыру нақты болады!

 Зертханалық технологиялар орталығының пациенттері үшін жадынама!

Гельминт жұмыртқаларына, копрограммасына нәжіс жинау.

Талдауға жіберуді мұқият оқыңыз, Сіздің емдеуші дәрігеріңізбен көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз!

Талдаудан 3 - 4 күн бұрын іш жүргізетін дәрілерді, кастор және вазелин майларын қабылдамаңыз және ректалды шырағдандарды енгізуді тоқтатыңыз.

Жаңа шыққан нәжісті бір қолданатын контейнерге, (шыны, пластик) контейнердің 1/3 бөлігінен артық емес көлемде жинаңыз.

Контейнерде аты-жөніңізді, туған жылыңызды және материалды жинау күні мен уақытын көрсетіңіз.

Нәжісті қамтитын контейнерді талдауға жолдаумен бірге жинау мерзімінен 3 сағаттан кешіктірмей Зертханалық технологиялар орталығына (кабинет 129) сағ  8:00 ден  10:00-ге дейін жеткізіңіз.

Нәжісті мұздату;

Нәжісті ұзақ сақтау (5 - 6 сағаттан артық);

Қақпағы дұрыс жабылмаған контейнерде жеткізу

тыйым салынады!

                              

Назар аударыңыз!

 Әр түрлі зертханаларда түрлі талдау әдістері мен өлшем бірліктері қолданылу мүмкін. Сіздің қорытындыларыңыздың бағасы дұрыс және нақты болу үшін, талдауды бір зертханада және бір уақытта жасаңыз. Осындай талдауларды салыстыру нақты болады!

пайд.әдебиет: В.С.Камышниковтың редакциясымен шығарылған «клиникалық зертханалық диагностика әдістері» анықтамалығы, Москва,  2013 жыл.

 

Вы здесь: Главная Зертханалық тех.орталығы Біз жайлы Науқастарды зеттеуге дайындау