«Городская поликлиника № 4»



Біз жайлы

Зертханалық технологиялар орталығы

Астана қаласындағы ең бірінші орталықтандырылған мемлекеттік зертхана

Мекенжайымыз:Шевченко көшесі,1

Тел.:8(7172)518-839, 8(7172)518-849

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2011 жылы құрылған. Орталықтың негізгі мақсаты: Астана қаласының тұрғындарына зертханалық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Иммуноферменттік анализ тесттерінің 150 түрі, биохимиялық зерттеулердің 50-ден аса түрі зертхана қызметінде жүзеге асырылды.

Барлық зертханалық талдаулар заманауи жоғары технологиялы автоматтандырылған құрал-жабдықтарда инновациялық әдістерді қолданумен жасалады.

Зертханалық технологиялар орталығы сапаны бағалаудың үш ішкі жүйесіне (Ұлыбритания, Финляндия, АҚШ) қатысады және аталған EQWAS (США) бағдарламасы бойынша Республикадағы үздік зертханалардың төрттігіне кіреді. 2014 жылғы халықаралық (Науқастануды бақылау және алдын алу, СDС, Атланта, АҚШ; медицина саласында стандарттарды жетілдіру бойынша халықаралық институт, CLSI, Вашингтон, АҚШ) байқаудың қорытындысы бойынша Зертханалық технологиялар орталығы үздік зертханалар қатарынан 2-орынды иеленді.

Құжаттың толық нұсқасын жүктеу