«Городская поликлиника № 4»



Амбулаториялық-емханалық көмек: консультативті - диагностикалық көмек, 2018 жылға көрсеткіштер бойынша жан басына шаққандағы кешенді нормативке кірмейтіндер

КДУ қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған бөлімшелерінде көрсетілетіндер

 Маманның жолдамасы бойынша балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонтиялық пен ортопедиялықтан басқасы)

Полимерлік реакция

Ағзаны  трансплантациялағаннан кейінгі  диагностикалық зерттеулер (қандағы дәрілік заттардың концентрациясын анықтау)

Компьютерлік томография

Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК бекітілген тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуі

Медициналық көмектің түрі

Медициналық көмектің нысаны

дәрігералды  медициналық көмек;

білікті медициналық көмек;

мамандандырылған медициналық көмек;

медициналық-әлеуметтік көмек;

 

амбулаторлық-емханалық көмек:

бекітілген халыққа алғашқы медициналық-санитариялық және консультативті-диагностикалық көмек, шұғыл медициналық көмек, стационарды алмастырушы медициналық көмек

Астана қаласы Гепатология орталығының ақпараты

Астана қаласы Гепатология орталығының ақпараты:

  1. 2017 жылғы 10 қазаннан бастап Гепатология орталығында жоғары санатты инфекционист - гепатолог дәрігер  Тимченко Ирина Валентиновна  қабылдау жүргізеді.

Мекенжайы: № 4 қалалық емхана, Шевченко көшесі, 1. (Сарыарқа – Кенесары көшелерінің қиылысы). № 340 кабинет.

Қабылдау күндері:

Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі. Сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін.

Алдын-ала жазылу телефоны: 8771 – 103 -70 -02

Қабылдау ақылы түрде жүргізіледі.       

  1. 2017 жылғы 4 қазаннан бастап Гепатология орталығында жоғары санатты гастроэнтеролог - гепатолог балалар дәрігері  Турлибекова Закия Ермековна қабылдау жүргізеді.

Мекенжайы: № 4 қалалық емхана, Шевченко көшесі, 1. (Сарыарқа – Кенесары көшелерінің қиылысы). № 305 кабинет.

Қабылдау күндері:

Дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі. Сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін.

Алдын-ала жазылу телефоны: 8771 – 103 -70 -03

Басқа емханалардың пациенттерін қабылдау тек жолдама арқылы жүргізіледі.      

Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-ның дәрігерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай акция өткізеді

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы халықты сауықтандыру және аурулардың алдын-алу бойынша «25 қайырымды іс» атты ауқымды істің басталғанын хабарлайды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, сонымен қатар ауруларды ерте анықтау, денсаулықты сақтау мен нығайту  мақсатында тұрғындарға аталған акция өткізіледі.

№ 4 қалалық емхана әкімшілігі мен дәрігерлер тобы төмендегідей іс-шара ұйымдастырады:

  1. 2016 жылғы 13-14 қыркүйекте «Жағалау» шағын ауданы, «Меркурий» ЖШС құрылыс алаңында;
  2. 2016 жылғы 15-16 қыркүйекте «Эталон» құрылыс базарында дәрігерлер қабылдау  жүргізеді.

Іс-шара барысында: жалпы тәжірибелі дәрігердің консультативтік-диагностикалық қабылдауы, акушер-гинеколог, офтальмолог, отоларинголог, ультра дыбыстық зерттеу мамандарының қабылдауы және экспресс-әдіспен қан құрамындағы қант, холестерин анықталады.

Акцияға қатысушылар онкологиялық аурулардың, туберкулездің, қан айналымы жүйесі ауруларының, темекі шегудің, наркомания мен алкоголь пайдаланудың алдын алу бойынша ақпараттық-танымдық материалдармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкер мен психологтың кеңестері де беріледі

Бақылау кеңесі мүшелерінің ауысуы туралы байқаудың басталғанын хабарлайды

 «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі   «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да бақылау кеңесі мүшелерінің ауысуы туралы байқаудың басталғанын хабарлайды.

Мекенжайы: Астана қаласы, Шевченко көшесі, 1. Тел. 87172 518854   Ресми сайты  emhana-gp4 kz

Бақылау кеңестері мүшелігіне сайланатын тұлғаларға ұсынылатын талаптар: жоғары білімнің болуын, сондай-ақ келесі талаптардың біреуінің болуы:

1) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің болуын;

2) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметтегі (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің болуын;

3) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктегі мүшелігінің болуын;

4) мемлекеттік мекемелердің штаттық қызметкерлерінің ішіндегі өкілдері; 

5) Парламенттің және жергілікті өкілді органның депутаттары;

6) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы кәсіпорынның жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін осы кәсіпорынға демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсететін жеке кәсіпкерлер; 

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі болуын қамтиды»;

Құжаттар тізімі:

1)        байқауға қатысу жөніндегі өтініш;

2)        еркін түрде жазылған өмірбаян;

3)        кандидаттың тұлғасын растайтын құжаттың көшірмесі;

4)        жоғары білімі туралы құжатының көшірмесі;

5)        соңғы жұмыс орнынан еңбек кітапшасының (ол бар болған жағдайда), еңбек келісімшартының немесе жұмысқа алу және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6)                Қазақстан республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімдерінде берілген сотталғаны жоқ екендігін және жемқорлық заң бұзушылығы жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар

Байқаудың өтетін орны –Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,11. Кабинет № 418.

Байқаудың басталу күні – 2016 жылғы 28 сәуір

Байқаудың аяқталу күні – 2016 жылғы 27 мамыр

Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді

Қазақстанда туберкулез емделеді: туберкулезді анықтаудың  инновациялық жеделдетілген әдістері мен оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген әдістері әрбір азаматқа тегін негізде қолжетімді.

2005 жылдан бастап 2014 жыл аралығында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 54,9%-ға, өлім көрсеткіші – 76,4%-ға төмендеді.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

- туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,5%-ға төмендеді.

- өлім көрсеткіші 12,5%-ға төмендеді.

Туберкулезді анықтаудың және оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген инновациялық әдістерінің барлық түрлері қолданысқа енгізілген.

Туберкулезге шалдыққан науқастардың 70%-дан астамы аурудың бастапқы сатысында, яғни жұқтыру сатысына дейін, анықталады.

Бактерия шығаратын барлық науқастар ауруды басқаларға жұқтыру қаупі бар  кезеңде стационарларда бактерия шығару тоқтағанға дейін ем қабылдайды.

Қазақстанда көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастардың 99% еммен қамтамасыз етілген, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ)  стандарты - 85%.

ДДҰ жыл сайынғы есебіне сәйкес науқастардың аталған санатын емдеу тиімділігі біздің елімізде әлемдегі ең жоғары болып табылады және 73,5% болды (ДДҰ стандарты - 75%).

2013 жылы туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының бюджет көлемі 35,5 млрд. теңгені; 2014 жылы 36,2 млрд. теңгені; 2015 жылы – 35,9 млрд. теңгені құрайды.

ДДҰ-ның соңғы миссиясы Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның жұмысын барлық аспектілер бойынша оң бағалады.

Қазақстанның Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасы кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі елдердің арасында анағұрлым тиімді деп бағаланды.

Вы здесь: Главная Хабарландыпу