«Городская поликлиника № 4»



Болашақ аналар үшін ақпарат

Адам өз ағзасын жүктілікке дайындауы керек. Қажетті тексерулерден әйелдер де, еркектер де өтеді. Тексерулерді жүктілік болжанатын уақытқа дейін жарты жыл бұрын бастаған абзал. Жалпы тексерілу үшін терапевтке бару керек, жедел респираторлық инфекциялардың профилактикасын өткізіп, гинеколог дәрігерге қаралу қажет, стоматологиялық тесерілу керек, жүктілік болжанатын уақытқа дейін 3 ай бұрын бала көтертпейтін гормоналдық дәрілерді қабылдамау керек (спиральді алып тастау керек), ішімдіктен, темекіден бас тарту керек, дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтану және тыныш ұйқы керек.

Аумақтық емханада кепілденген тегін медициналық көмек аясында (жалпы қан, несеп анализі, ЭКГ, кіші жамбас органдарын, бүйректерді УДЗ, ЖЖБИ-ға тексерілу, RW, АИТВ тексерілу, медициналық-генетикалық кеңес алу), сондай-ақ жүктілік басталғанға дейін 3 ай бұрын нәтижеге жету үшін созылмалы ауруларды емдеу керек, жоспарланған жүктілікке дейін 3 ай бұрын 0, 001мгфоли қышқылын күніне 1 таблеткадан 4 рет қабылдау керек.

Ана құрсағындағы баланың өсуі мен дамуына дұрыс тамақтану қажет:

  • Жүктіліктің бірінші жартысында-тамақтану -4 рет;
  • Жүктіліктің екінші жартысында-тамақтану -5-6 рет болғаны дұрыс.

Күнсайын ет-200г, аптасына екі рет еттің орнына балықжеу керек, күніне 1 жұмыртқа, 100г-сүзбе, 50г-ірімшік және 0,5 литр айран ішу керек, күнде 300 г шикі жеміс-жидек және 600 г- шикі көкөніс, оларды кепкен жемістермен алмастыруға болады,іш қатпас үшін күнде 1 ас қасық өсімдік майын ішу керек.

Жүкті әйелдерге тазалық сақтау: таңертең бет, қол және мойынды жуып, денені дымқыл орамалмен сүрту керек; әр дәрет сындырған соң жылы сабынды сумен жуыну керек; күнсайын немесе аптасына 2 рет душ қабылдау қажет; аптасына 1 рет төсек қабын ауыстыру керек; сүт бездерін күнсайын қайнаған жылы сумен және балаларға арналған сабынмен жуу керек; жалпақ және созылған жүктіліктің соңғы 2 айында күніне 2-3 рет 3-4 минуттан  емшек ұштарын уқалау керек. 

Жүкті әйелде келесі мазасыздану белгілері пайда болса, кідірместен дәрігерге қаралу керек: іштегі қатты ауырсынулар; ісіну; 2-3 сағатқа созылатын бас аурулары; жыныстық жолдардан ағатын қанаралас шырыш; астыдан су кету; кіші дәретке барған кездегі ауырсыну мен дызылдауы;құсудың ауыр түрі; естен талу; баланың қозғалысының мүлдем болмауы немесе әлсізденуі; тері қышынуы.

Құрметті әйелдер қауымы, Сіздердің жүктіліктеріңіз жүкті әйелге қатысты тәртіпті сақтаумен, жоспарланған болуы керек.

Вы здесь: Главная Болашақ аналар үшін ақпарат