«Городская поликлиника № 4»



Астана қаласының Гепатология орталығы туралы ақпарат

Гепатология орталығы (бұдан әрі - Орталық) «№ 4 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2011 жылғы қаңтар айынан бастап жұмыс істейді.

Гепатология орталығының миссиясы– бауыры ауыратын науқастардың өмір сапасын жақсарту үшін халықаралық стандарттар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Гепатология орталығының функцисы:

  • Бауыры ауыратын балалар мен ересек пациенттерді тексеру және емдеу
  • Бауыры ауыратын балалар мен ересектерді диспансерлік есепке алу және  динамикалық бақылау
  • Бауырда вирусты патологиясы бар науқастардың вирусқа қарсы терапияны қабылдауында көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерді анықтау  
  • Вирусқа қарсы терапияның жүргізілуі жоспарланған созылмалы вирусты гепатиті бар пациенттердің күту парағын әзірлеу    
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде вирусқа қарсы препараттарды алу үшін рецептер шығару    
  • Вирусқа қарсы терапияның режиміне мониторинг пен модификация жүргізу  
  • Вирусқа қарсы терапияны көтере алу қабілетін бағалау
  • Вирусқа қарсы терапияның тиімділігін бағалау
  • Бауыр трансплантациясына кандидаттар тізімін жасау
  • Бауыр трансплантациясынан кейін пациенттерге консультативтік қабылдау жүргізу
  • Медициналық қызметкерлерге жұмыс істеуге рұқсат беру туралы консультативтік ұйғарым беру   
  • Денсаулық сақтау  ұйымдарына консультативтік көмек беру
  • 2012 жылы стационарлық көмекті алмастыратын күндізгі стационар ашылды («Гепатология орталығында күндізгі стационар құру туралы» 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 97-ө бұйрық)

 

Жұмыс істеу тәртібін анықтайтын құжаттар:

  • «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы»  2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрық
  •  «Вирусты гепатиті бар науқастарды тексеру мен емдеудің ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 17 наурыздағы № 92 бұйрық
  •  «2017-2020 жылдарға парентеральды вирусты  гепатиттердің алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру туралы» 2017 жылғы             26 қыркүйектегі № 727 бұйрық

 

Орталықтың құрылымы:

  1. Тіркеу орны -1
  2.  Пациенттерді қабылдау кабинеттері - 3
  3.  Ультра дыбыстық визуализация кабинеті (фиброскан) -1
  4.  Күндізгі стационар-1

 

Орталықтың көрсететін қызметі:

Вирусты гепатиттерді, бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерді, балалар мен ересектердегі вирусты этиологиялық циррозды диагностикалау және емдеумен тікелей айналысатын инфекционист, гастроэнтеролог дәрігерлердің консультативтік түрдегі қабылдауы.

Орталықта Астана қаласының тіркелген тұрғындарына аймақтық медициналық ұйымдармен мердігерлік келісім-шарт негізінде қабылдау жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар ауру болғандықтан, ТМККК аясында тегін емделеді.

 

Гепатолог қандай ауруларды емдейді:

  1. гепатиттер (В, С, Д вирустық гепатиттері)
  2. вирустық гепатиттер негізінде бауыр циррозы
  3. бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерді емдеу

 

Гепатология орталығына келетін пациенттің маршруты.

 

  1. Гепатолог дәрігердің  консультациясы мен диспансерлік есепке тұру жоспарлы түрде және тіркеу орнына алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Телефон нөмірлері: 51-88-24, 8-771-103-70-02,                      8-771-103-70-03.

Астана қаласы емханаларының жолдамасы бойынша да жүргізіледі.

 

Диспансерлік есепке тұру үшін алғашқы келген пациентке төменде жазылған талдауларды тапсыру қажет болып табылады:

  1. ИФА талдауы (Hbsag. aHCV)
  2. ПЦР сапалы тесті
  3. Қан биохимиясы (АЛТ, АСТ, жалпы және тік билирубин, ГГТП, ЩФ)
  4. Тромбоциттермен жалпы қан талдауы
  5. Іш қуысы мүшелерінің УДЗ (соңғы 6 айдікі болса)
  6. Гепатология орталығының инфекционист/гастроэнтеролог дәрігерлеріне консультация алу үшін учаскелік терапевт дәрігерден жолдама.

Сіз диагноз және оны емдеу, сонымен қатар, тағамды мөлшерлеу мен өмір салтын өзгерту бойынша толық түсіндіру ақпараттарын ала аласыз. Қажет болған жағдайда гепатолог қосымша тексерулер тағайындау мүмкін.   

 

Гепатология орталығында диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін:

  1. Қан биохимиясы (АЛТ, АСТ, жалпы және тік билирубин, ГГТП, ЩФ)
  2. Тромбоциттермен жалпы қан талдауы
  3. Сандық ПЦР ВГВ ДНК (6 айда 1 рет) «В» гепатиті бар пациенттер үшін, сандық, генотип. РНВ ВГС (1 жылда 1 рет) «С» гепатиті бар пациенттер үшін.
  4. Іш қуысы мүшелерінің УДЗ (соңғы 6 айдікі болса)
  5. Дәрігердің алдыңғы қабылдауда анықтаған басқа да талдаулары, зерттеулері.
  6. Гепатология орталығының инфекционист/гастроэнтеролог дәрігерлеріне консультация алу үшін учаскелік терапевт дәрігерден жолдама.

 

Гепатология орталығында тегін көрсетілетін диагностикалау әдісі:

  1. Бауыр эластометриясы (фиброскан), дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті сағат 12:30-ға дейін (кабинет № 304).

 

Гепатология орталығының басшысы, жоғары санатты дәрігер: Шамсивалиева Кунсулу Аманжоловна, дүйсенбі-жұма күндері 08:00-16:00, телефоны 51-88-64,  № 309 кабинет

 

Орталық дәрігерінің жолдамасы бойынша Гепатология орталығының күндізгі стационарында патогенетикалық  терапия алуға болады. Күндізгі стационар сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

Күндізгі стационар дәрігері: ДжунусоваДилараЧингизовна

 

Гепатология орталығында гепатология саласында білімі мен тәжірибесі бар дәрігерлер жұмыс істейді.

Дәрігерлердің жұмыс істеу кестесі:

Симонавичиене Ольга Ивановна – жоғары санатты дәрігер, дүйсенбі-жұма күндері 09:00-15:00     № 305 кабинет

НаргеловаАйданаЕрдалиевна, маман сертификаты, дүйсенбі-жұма күндері 08:00-15:30     № 303 кабинет

Лигай Ирина Трофимовна, маман сертификаты, дүйсенбі-жұма күндері 08:00-14:00     № 303 кабинет

Муратова Каламкас Муратовна, дүйсенбі-жұма күндері 08:00-14:00     № 306 кабинет

Тимченко Ирина Валентиновна, жоғары санатты инфекционист-дәрігер, ақылы түрде алдын ала жазылу бойынша қабылдау жүргізеді: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі  күндері 09:00-12:00;  № 306 кабинет.

Абеева Кызгалдак Ерликовна, бірінші санатты УДЗ дәрігер,  – (фиброскан кабинеті) дүйсенбі- жұма күндері 08:00-12:30,   № 304 кабинет

 

Контакты:

Гепатология орталығы тіркеу орнының телефоны (№ 338кабинет):

+7 7172-51-88-24,

8-771-103-70-02,

8-771-103-70-03

№ 4 қалалық емхананың Саll-орталығы: 57-28-65 

 

Пациенттерге арналған ақпарат:

СозылмалыВ және С вирусты гепатиті бар пациенттерді, вирусты этиолгиялы циррозбен науқастанғандарды, бауыр трансплантациясынан кейін пациенттерді арнайы көрсеткіш бойынша тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.       

2018 жылғы мамыр айынан бастап, В вирусты гепатиті бар пациенттер дәрілік зат тенофовирмен қамтамасыз етіледі.

2018 жылғы қазан айынан бастап, С вирусты гепатиті бар пациенттер дәрілік зат софосбувирмен қамтамасыз етіледі (Индия).

 

 

 

Вы здесь: Главная Астана қаласының Гепатология орталығы