«Городская поликлиника № 4»

Сіз енді дәрігер қабылдауына интернет арқылы жазыла аласыз. Жазылу үшін өзіңіздің жеке сәйкестік нөміріңізді теріңіз, керекті қызметті және емхананы, бөлімшені таңдаңыз.
Егерде Сіз денсаулығыңызға байланысты біздің емханамыздың дәрігерінің қабылдауына келе алмасаңыз, қарапайым нысанды толтыру арқылы дәрігерді үйге шақырыңыз.
Сіз тіркеу орнына қоңырау шала алмасаңыз, нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сізге жақын арада міндетті түрде хабарласамыз.

 

 

Единый Call-центр: 57-28-65

Вызов врача на дом, предварительная запись на прием, обращения



Қазақстандықтар МӘМС төлемдерін онлайн тәртіпте тексере алады

Аталған мемлекеттік қызмет қазақстандықтар үшін биыл қолжетімді болады. Бұл жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде іске асырылады. Қызмет «электронды үкімет» порталында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзі үшін жасалған аударымдарды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.  

 

Сонымен қатар, 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды емханаларға тіркеу бойынша мемлекеттік электрондық қызметті ұсынатын технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр.

- Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қоры Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларын орындауға бет бұрды.  Елбасы ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттілігіне аса ден қойды, - дейді Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдердің көшірмесін және жүйеге қатысуын растайтын ақпаратты қазақстандықтар 2018 жылдың бірінші жартысының соңына қарай  ХҚКО арқылы ала алады.

-Қазіргі таңда бұл ақпарат жартылай «электронды үкімет» порталында  қолжетімді. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азамат «жеке кабинетіне» кіріп, жасалған соңғы төлем бойынша толық ақпаратты алуға мүмкіндігі бар, - дейді Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров

Тіркеу науқанының қорытындысы бойынша Астана қаласының медициналық мекемелері қазіргі таңда бір миллионнан астам адамға қызмет көрсетіп жатыр. 1-ші қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің операторы және медициналық қызметтер үшін бірыңғай ақы төлеуші болып есептеледі. Қазақстандықтар мен  ел аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары еркін түрде тіркелу құқығын шексіз пайдалана алады. Бұрынырақ мұндай мүмкіндік жарты жылда бір рет немесе тіркеу науқанының шеңберінде ғана мүмкін болатын.

Вы здесь: Главная Новости Қазақстандықтар МӘМС төлемдерін онлайн тәртіпте тексере алады